ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының ұжымы қ Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованы ҚР Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтайды.
ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығының ұжымы қ Ақтоты Рахметоллақызы Райымқұлованы ҚР Мәдениет және спорт министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтайды.
Орталықтың ғылыми-зерттеу және мәдени-білім беру жұмыстары арқылы жүзеге асырылатын мәдениеттердің жақындасуына ықпал ету, сондай-ақ ғалымдар мен мәдениет қайраткерлерінің орнықты даму саласындағы зияткерлік өзара іс-қимылын халықаралық деңгейде үйлестіру қызметі әрдайым Ақтоты Рахметоллақызының көңілінен шығып, қолдау тауып келеді. Орталық халықаралық ғылыми қауымдастық ғылыми конференциялар мен мәдени-ағартушылық іс-шаралар үшін қызмет ету кезеңінде диалог алаңы ретінде ғана емес, сонымен қатар өзінің зияткерлік әлеуеті бойынша әлемдік ұйымдармен бір деңгейде тұрған идеялар зертханасы ретінде мойындалды.Орталық барлық іс-шаралар бойынша мәдениет және спорт министрлігіне қолдау білдіріп келеді. Ақтоты Рахметоллақызы осындай жоғары лауазымды атқара отырып, тек жақсы әкімші ғана емес, сонымен қатар жоғары мәдениетті адам болудың қаншалықты маңызды екендігінің үлгісі болып табылады. Ақтоты Рахметоллақызына зор денсаулық, және Қазақстан мәдениетінің игілігі үшін атқарылатын игі істерде жаңа табыстар тілейміз!

Артқа қайту