ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында жақында жарияланған мәдениет пен қоғамды дамытуға негіз болатын қағидаттарды қолдайды.

conference

ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығы Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында жақында жарияланған мәдениет пен қоғамды дамыту үшін негіз болатын қағидаттарды қолдайды:

«Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан Жаңа Конституцияда ұлттық мәдениетті жан-жақты қолдау мемлекеттің негізгі қағидаты ретінде жоғары құқықтық деңгейде бекітілді».

Орталық ұжымы бұл жаңалықты және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалін және «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешімін зор қуанышпен қабылдады.

Аталған құрметті наградалар ұлттық мәдениеттің дамуына, оның ішінде музыка және бейнелеу өнері салаларына елеулі үлес қосқан азаматтарға табысталатын болады.

ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының директоры Олжас Сүлейменовтің пікірінше, ұлттың мәдени кодында ұлы тұлғалардың интеллектуалдық және мәдени мұрасын орнықтыру арқылы ғана қоғамның барлық саласы жан-жақты дами алады.

https://24.kz/ru/news/top-news/785940-tokaev-vklyuchil-medal-shamshi-kaldayakov-v-spisok-gosnagrad