«Өзен түстері» деректі фильмінің режиссері Кристина Михайлова мен продюсері Дана Сабитовамен шығармашылық кездесу өтті

conference

ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығында Berlin International Film Festival 2026 кинофестивалінің Forum Special бағдарламасына енген, гуманистік мазмұны үшін Экуменикалық қазылар алқасының жүлдесіне ие болған «Өзен түстері» деректі фильмінің режиссері Кристина Михайлова мен продюсері Дана Сабитовамен шығармашылық кездесу өтті.

«Өзен түстері» — Берлиналле тарихына енген алғашқы қазақстандық деректі фильм. Осы үлкен жетістіктерімен Кристина мен Дананы шын жүректен құттықтадық.

Кездесу барысында олар кино саласындағы тәжірибелерімен бөлісіп, шығармашылық жолдары туралы әңгімеледі. Сонымен қатар аудиториямен кері байланыс орнатылып, қатысушылар өз сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.

Кеш соңында қонақтармен естелік суретке түсірілді.