Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президентімен кездесу

conference

Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығының директоры, ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы арасындағы алдағы бірлескен жұмыс жоспарларын талқылап, мәдениет, ғылым және гуманитарлық бастамалар саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын қарастырды.

Сондай-ақ, мәдениеттерді жақындастыруға, саналы өзара тәуелділік идеяларын ілгерілетуге және ортақ түркі мұрасын дәріптеуге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударылды.