Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына орай «Ұлт игілігі – национальное достояние», атты әдеби және ғылыми шығармашылық көрмесінің ашылу рәсімі

conference

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы ғимаратында Олжас Сүлейменовтің 90 жылдығына орай «Ұлт игілігі – национальное достояние», атты әдеби және ғылыми шығармашылық көрмесінің ашылу рәсімі өтті.

Іс-шараны ЮНЕСКО қамқорлығындағы Мәдениеттерді жақындастыру орталығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, Булат Өтемұратов қоры, Еуразия мәдениет қоры, Қазақстан Журналистика академиясы және «Простор» әдеби-көркем журналы бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара аясында ақынның классикалық туындылары мен бұрын жарияланбаған шығармаларын қамтыған жаңа поэмалар жинағы таныстырылды. Кеш Игорь Гонопольскийтің ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Людям я не лгал…» деректі фильмінің көрсетілімімен жалғасты.

Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы — халықтың тарихы, мәдениеті мен рухани мұрасын терең зерделеген құнды мұра.