19 ақпанда ЮНЕСКО қамқорлығындағы Халықаралық мәдениеттерді жақындастыру орталығына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева келді.

conference

Сапар аясында министр Орталықтың директоры, ұлы ақын әрі қоғам қайраткері, «Невада–Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының президенті Олжас Сүлейменовпен кездесті.

Әңгіме барысында министр Олжас Омарұлына ақынның 90 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шаралар жоспарын таныстырды. Сондай-ақ «Өз жерінің елшісі» тақырыбында өтетін Еуразия мәдениеттерін жақындастырудың Халықаралық форумына қатысу ниетін білдіріп, Олжас Омарұлының жетекшілігімен Орталықтың халықаралық деңгейдегі қызметіне жоғары баға берді.